Дастан Сәтпаевты АПЛ-дегі дебютке «Челси» капитанының әкесі дайындайды

Лондондық «Челси» 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты Ағылшын премьер-лигасына (АПЛ) интеграциялаудың белсенді кезеңіне өтті.

instagram.com/f.c.kairat

Астана, NEGE. Ойыншымен жеке дайындық жүргізу үшін клуб «Челси» командасының қазіргі капитаны Рис Джеймстің әкесі әрі Nigel James Elite Coaching орталығының жетекшісі Найджел Джеймспен келісімге келді.

Найджел Джеймс Сәтпаевты жаттықтыратынын ресми түрде растады. Дайындық футболшы Англияға көшкенге дейін қашықтан жүргізіледі.

Шабуылшының «Қайрат» клубынан «Челси» командасына трансфері 2,4 млн еуроға бағаланып отыр және 2026 жылдың жазында, ойыншы 18 жасқа толғанда жүргізіледі. Сәтпаев«Қайрат» құрамында Қазақстан чемпионы, сондай-ақ ұлттық құрама сапында Бельгияға соғылған голдың авторы атанып үлгерді.

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды