Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге бес матч өткізеді

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Челсидің» Австралия мен Азия елдерінде өтетін маусым алдындағы турына баратын құрамға енді. Лондон клубы сапарға шығатын 27 ойыншының тізімін жариялады.

chelseafc.com

Астана, NEGE. Хаби Алонсо жаттықтыратын команда тур аясында төрт елде бес жолдастық кездесу өткізеді.

28 шілдеде «Челси» Сиднейде «Вестерн Сидней Уондерерс» клубымен ойнайды. 1 тамызда осы қалада лондондық «Тоттенхэммен» кездеседі. Екі матч та Accor Stadium стадионында өтеді.

5 тамызда ағылшын клубы Гонконгте «Ювентуспен», ал 8 тамызда Джакартада «Миланмен» кездеседі. Тур 9 тамызда Малайзияның Искандар-Путери қаласында өтетін «Джохор Дарул Тазим» клубына қарсы матчпен аяқталады.

Сәтпаев сапарға шығатын шабуылшылар тізіміне енді. Олрдың қатарында Коул Палмер, Жоау Педру, Лиам Делап, Эстевао Виллиан және Джейми Гиттенс бар.