Дастан Сәтбаев Хаби Алонсомен «Челсидегі» алғашқы жаттығуын бастады

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Челсидің» негізгі құрамымен бірге жаттығуға кірісті. Лондондық клуб жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен өткен маусым алдындағы алғашқы жаттығудан фотосуреттер жариялады.

chelseafc.com

Астана, NEGE. Ойыншылардың басым бөлігі жазғы үзілістен кейін алғаш рет клуб базасында бас қосып, жаңа бас бапкер Хаби Алонсомен алғаш рет жүзбе-жүз танысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Дәстүрлі медициналық тексеруден өткен футболшылар аптап ыстыққа қарамастан, жаттығуға кірісіп кеткен.

«Маусым алдындағы дайындықтың бастапқы кезеңіне тән дәстүрлі дене жаттығуларымен қатар, футболшылар доппен жұмыс істеуге де мүмкіндік алды. Бұл Хаби Алонсоға өз ойы мен талаптарын командаға алғаш рет жеткізуге жол ашты», – делінген хабарламада.

Жаттығу алаңына Дастан Сәтбаевпен бірге Коул Палмер, Жоау Педру, Эстевао Виллиан, сондай-ақ клубтың жаңа ойыншылары Эммануэль Эмега мен Жеовани Кенда шықты.

«Челси» мәліметінше, алматылық «Қайрат» Дастан Сәтбаевқа ағылшын клубына жоспарланған мерзімнен бұрын қосылуға рұқсат берген.