Дашзэгвийн Амарбаясгалан Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, оның елімізге Парламент Төрағасы ретіндегі алғашқы сапары екіжақты байланысты нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті.

Ақорда

Астана, NEGE. – Бұл сапарым екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихының жаңа парағын ашатынына сенемін. Бүгінгі кездесу көшпелі өркениет тарихы, әдет-ғұрпы тығыз байланысқан халықтарымыз арасындағы достық пен бауырластықты одан әрі нығайтып, елдеріміздің ынтымақтастығын кеңейте түседі деп ойлаймын. Қазақстанмен достық ықпалдастықты нығайту өте маңызды. Соңғы жылдары екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі сапарлар, келіссөздер жиілей түскеніне қуаныштымын, – деді Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы.

Кездесуде парламентаралық дипломатия, сауда-экономикалық, өңіраралық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған