Дәрумен де қауіпті екен

Ресейлік дәрігер Надия Фролова "Говорит Москва" басылымына берген сұхбатында D дәруменін қабылдаудың қаупін айтты.

Алматы, NEGE. Дәрігердің айтуынша, D дәруменін тек қандағы фосфор мен кальций деңгейін тексерген соң қабылдау керек. Себебі ол бауырды зақымдауы мүмкін дейді.

"Кальций мөлшерден тыс болған жағдайда бауыр қатты зақымдалуы мүмкін. Мен оны ішпеңдер деп айтып жатқаным жоқ, тек алдын ала қан тапсырып, тексерілген соң қабылдай бастау керек. D дәруменін қабылдап жүрген адам ағзасында кальций қанша екенін білуі керек", – дейді дәрігер.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады