Darkhan Juzz-дің аяқталмай қалған альбомы жарыққа шығады

Қазақстандық õzen лейблі Darkhan Juzz-дің жазылмай қалған альбомы бар екенін айтты.

Алматы, NEGE. "Дарханның альбомы аяқталмай қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Барлық әнінің құқығын ұлы Ади мен қызы Айданаға мұра ретінде рәсімдейміз. Әр стримиңнен түсетін қаржы 100% отбасына беріледі. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін үлкен жұмыс атқарайын  деп жатырмыз", - деді õzen лейблі.