Дәріні қымбат немесе заңсыз сататындарға қандай жаза қолданылатыны белгілі болды

Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди дәрі-дәрмекті қымбатқа немесе заңсыз сататындарға қандай жаза берілетінін жария етті.

Aлматы, NEGE. «Дәрі-дәрмекті қымбатқа сататындар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодектсің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша жеке адамдарға 70 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады», - деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша министрлік қазіргі таңда мүлікті тәркілеуге, тіпті лицензияны қайтарып алуға дейінгі шараларды қарастырып жатыр.

«Бір күннің ішінде бізде 426-бап бойынша екі әкімшілік іс қозғалды», - деді Алексей Калайчиди.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды