29 сентября 2025 г. 18:14

Дарын Қонысбаев триатлоннан Қазақстандағы Азия кубогы кезеңінде екінші орын алды

Фото: ҰОК

Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды.

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы ірі турнирде бір медальға қол жеткізді. Ерлер арасында өткен жарыста Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды.

Бірінші орынды ресейлік Денис Колобродов жеңіп алса, оның отандасы Роман Минеев үшінші болып мәре сызығын кесті.

Аян Бейсенбаев төртінші, Егор Крупяков алтыншы, Александр Тен 12-орын, Арлан Жанабай 15-орын, ал Әли Жанат 18-орын алды.

Әйелдер арасында қазақстандық Дана Ержанова медальға бір қадам жетпей қалды.