Дәрігерлерге үстемақы жыл соңына дейін беріледі
Қауіпті індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге үстемақы жыл соңына дейін беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Ол үшін ел қазынасынан қосымша 150 млрд теңге бөлінеді. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Оның айтуынша, шілде айына дейін дәрігерлерге үстемақы толық көлемде берілген. Осы ретте ведомство басшысы «247 мың медицина қызметкерінің айлығы көбейеді» деді. Ол үшін келесі жылы бюджеттен 222 млрд теңге бөлінбек.