Дәрігерлер зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты.

Алматы, NEGE. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 28 адам жеткізілген.Газдан уланған 20 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған. Жансақтау бөлімінде түрлі жарақат алған бір науқас жатыр. Жағдайы тұрақты. Есін біледі.

Бір адам травматологияда жатыр, жағдайы орташа ауыр. Екі кенші Шахтинскінің орталық ауруханасына жатқызылған, жағдайлары орташа ауыр. Төрт адам амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады