Дәрігерлер шахтада уланғандардың жағдайын айтты

Ленин атындағы шахтада орын алған жазатайым оқиғада зардап шеккен екі кенші Қарағанды облыстық медицина орталығының токсикологиялық бөлімшесіне жатқызылды. Олар қазіргі уақытта орташа ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Ленин атындағы шахтада газ және көмір шығарындысы салдарынан екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта олар Қарағанды қаласындағы ОМО токсикологиялық бөлімшесінде жатыр. «1969 ж. т. пациент 14 қаңтар сағат 03:33-те ауруханаға жеткізілді. Диагнозы: шахта газдарымен, оның ішінде орташа ауырлықтағы улы газбен жедел ингаляциялық улану. Токсикологиялық энцефалопатия. Жағдайы тұрақты, орташа ауыр халде. 1997 ж. т. пациент 14 қаңтар 03:35-те жеткізілді. Диагнозы: шахта газдарымен, оның ішінде орташа ауырлықтағы улы газбен жедел ингаляциялық улану. Токсикологиялық энцефалопатия. Жағдайы тұрақты, ауыр халде», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 13 қаңтарында 21 сағат 53 минутта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында (горизонт 340, тереңдігі 840 метр) барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде метан газы мен көмірдің ұсақ фракциялары жоғары атындысы болған еді. Аталған факті бойынша тергеу комиссиясы құрылды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды