Дәрігерлер өзіне қол жұмсаған Шымкенттегі полиция департаменті баспасөз хатшысының жағдайын айтты

Дәрігерлер өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайын айтты.

Алматы, NEGE. Дәрігерлердің айтуынша, Бекеева өзіне қол жұмсау үшін көп мөлшерде дәрі ішкен. Алайда бұл дәрігерлердің алдын ала болжамы ғана. Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы ауруханаға 6 сәуірге қараған түні түскен.

"Науқас түнгі сағат 1.30-да жедел жәрдем көлігімен Шымкент қаласындағы Гипербарикалық оттегі терапиясы орталығына жеткізілді. Дәрігерлер оны дереу тексеріп, жансақтау бөліміне жатқызды. Түскен кезде жағдайы өте ауыр, бірінші дәрежелі комада болды. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты, ауыр", - деді дәрігерлер.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады