Дәрігерлер Германияға оқуға барады
Қазақстандық дәрігерлер Германияға оқуға барады.
Алматы, NEGE. Жиын барысында шетелдік инвесторларға еліміздің әлеуеті мен бизнес жүргізуге қолайлы мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірқатар меморандумға да қол қойылды. Екіжақты әріптестіктің жаңа мазмұны тұрғысында тілшіміз баяндасын. Баден-Вюртемберг – Германияның экономикалық дамыған аймақтарының бірі. Мұнда танымал неміс концерндерінің кеңселері орналасқан. Көбінің Қазақстанда да өкілдіктері бар. Жаңа инвесторларды тарту үшін бизнес форумды осы Баденге қарасты Шванау қаласында өткізу туралы шешім қабылданды. Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мұнда алғаш рет таныстырылып отыр. Локдаун мен карантиндік шараларға қарамастан, бұл форумға немістің 40 компаниясының басшылары қатысты.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров: "Қазақстан Президенті Германияға жасаған соңғы сапарында неміс бизнесі үшін жеке жұмыс тобын құруды тапсырғанын білесіздер. Бұл – біздің жұмысымыздың жаңа форматы әрі бір елге қатысты жеке жұмыс тобы құрылған ерекше жағдай. Енді, міне, осы жұмыс аясында форум өткізіп жатырмыз", - деді.
Бүгінде әлемде инвестициялар көлемі қысқарып жатқанына қарамастан, неміс кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға дайын. Сондықтан екіжақты кездесулердің басты тақырыбы жаңа жобаларға арналды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, машина жасау салалары бар.
Форум аясында Қазақстан делегациясы екі неміс компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Олардың бірі Ақмола облысында трактор жинауды жоспарласа, екінші компания Қазақстанның үш қаласында медициналық клиникалар ашады. Дәрігерлерімізді Германияда оқытуды да көздеп отыр.