Дәрігерлер де жұқтырып жатыр

Қазақстанның

бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағандыда дәрігерлердің COVID-19 жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы. NEGE.  "Өкінішке қарай, бүгінде еліміздің бірнеше өңірінде медициналық қызметкерлер коронавирус жұқтырды - Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Қарағандыда", - деді бас санитар дәрігер онлайн брифинг барысында.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда онкологиялық орталықта медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтырғанын айтқан еді.