Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргіншілердің жағдайы туралы айтты.

Алматы, NEGE. «Зардап шеккен адамдар түрлі дене жарақатын және травматикалық шок алған. Екеуі облыстық стационарға жеткізілді, ал тағы бар адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Оның қолының білек тұсы сынып, жабық бас сүйек-ми зақымын алды. Стационарлық ем-дом алып жатыр, жағдайы ауыр», - делінген Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінде. Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы қаласында «Алтын орда» базарының қасында үш адамды көлік қағып кетті.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған