Дариға Назарбаева Алматыда ұлын еске алуға арналған турнирге қатысты

Алматыда Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнирде Қазақстанның бұрынғы президентінің қызы Дариға Назарбаева көзге түсті, деп хабарлайды ҚазТАГ.

@sirimitkulov

Алматы, NEGE. Алматыда Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған балалар арасындағы футбол турнирі өтті. Аталмыш шараға Дариға Назарбаева да қатысқан. 

Instagram парақшасында AR Cup балалар футбол турнирі жыл сайын өткізілетіні жазылған. Ұйымдастырушылар жарыстың басты мақсаты – жастар арасында отандық футболды дамыту дейді. 

Айсұлтан Рахат (Назарбаев) – марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы. 2020 жылдың 16 тамызында 29 жастағы Айсұлтан Рахаттың денесі Лондонда табылған болатын. Өлімнің алдын ала себебі – жүрек тоқтауы.

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады