Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, – деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», – делінген Жарлықта.