Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы Елшісі қызметін қоса атқарады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы Елшісі қызметін қоса атқарады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.