8 июля 2020 г. 9:20

Дархан Дайырбек қайтыс болды

Фото:

Танымал актер Дархан Дайырбек қайтыс болды. Бұл туралы продюсер әрі актер Нұртас Адамбай Facebook желісінде жазды.

Aлматы, NEGE.  "Бүгін түнде біздің тамаша актеріміз Дархан Дайырбек қайтыс болды. Студиямыз туғаны мен туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға әрдайым көңілді әрі жақсы кісі еді. Сол қалпында есімізде қалады. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысыңызға және адамдарға деген қарым-қатынасыңызға рақмет. Иманды болыңыз", - деп жазды Нұртас Абамбай.

Дархан Дайырбек 1969 жылы туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. "Терісқақпай" комедия театрының әртісі. Отандық "Әкім", "Құдалар", "Қазақша тонау", "Сүрбойдақ", "Келинка Сабинка-2", "Бес күндік күйеу", "Мен күйеу баламын"  фильмдерінде ойнаған.

Тегтер: