Дәрігерлер 2 жасар сәбидің асқазанынан 105 түйір моншақ алды

Алматыда 2 жас 3 айлық бала магнит моншақтарын жұтып қойған. Хирургтер шұғыл ота жасап бөгде затты алып шықты.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Алматы, NEGE. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 ақпан күні Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 2 жас 3 айлық бала бөгде зат жұтуы мүмкін деген күдікпен жеткізілді.

Рентгенография жасаған кезде баланың асқазанында өлшемі 6,2×2,2 см болатын көптеген металл заттан құралған конгломерат анықталды.

– Дәрігерлер бөгде затты эндоскопиялық әдіспен алуға тырысты. Алайда магниттердің тығыз жиналуының кесірінен бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты хирургиялық араласу – лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алынды, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Операциядан кейін бала жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?