Дәрігерлер 10 жастағы баланың ішінен тіс шұқығыш алып шықты

Астанадағы ауруханалардың бірінде хирургтер 10 жастағы баланың ішінен бірнеше жыл бойы қалып қойған тіс шұқығышты алып тастады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. КТК телеарнасының хабарлауынша, бала ішінің ауыруына шағымданған соң ата-анасы дәрігерлерге жүгінген. Бастапқы тексеру барысында мамандар іштің сол жағында ауырсыну тудыратын түзілісті байқаған. Компьютерлік томография нәтижесінде оның ағзасында бөгде зат бары анықталған. Науқасқа шұғыл лапароскопиялық ота жасалып, операция бір сағатқа созылған.

Нәтижесінде баланың ішінен тіс шұқығыш табылған. Ұзақ уақыт бойы ағзада жатқандықтан тас тәрізді қатты құрылымға айналып кеткен. Бала оның қашан және қалай жұтқанын есіне түсіре алмапты.

«Бұл – өте сирек кездесетін жағдай. Бөгде зат ішектің қабырғасы арқылы жұмсақ тіндерге өтіп, уақыт өте келе кальциймен қапталған», – дейді хирург Әсем Шәкеева.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді