Дәретханаға 178,5 млн теңгеге бөлінген

Алматы қаласының туризм басқармасы қалада қомақты қаржыға 20 дәретхана салады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы, NEGE. Мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметіне сәйкес, әкімдік орташа есеппен бір дәретхананы салуға 9 миллион теңге бөлмек. 

Бұл сайтта көшеде дәретханаларды салу бойынша өтінім жарияланған. Туризм басқармасы 20 дәретхананы салуға 178,5 миллион теңге бөлуге дайын.

Дәретханалар мына мекенжай бойынша орналасады:

2 - Достық даңғылы;

1 - Алматы зообағының кіреберісі;

1 - Жасыл базардың маңында;

1 - Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры;

1 - "Отырар" қонақүйінің сквері маңайы;   

1 - Орталық мешітте;

2 - Жібек жолы даңғылы Арбатта;

1 - Панфилов көшесінің жаяу жүргіншілер жүретін жолында;

1 - "Астана" алаңында;

1 - "Аэровокзал" сауда кешенінде;

1 - "Жас қанат" гүл бағында, Тимирязев және Бұқар жырау көшерелерінің арасында;

1 - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының маңайында;

1 - Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының маңайында;

1 -  "Алатау" метро станциясында;

1 -  Байтұрсынов скверінде; 

1 - Үлкен Алматы көлі маңында;

1 - Бутаков шатқалында. 

Техникалық талапқа сәйкес, дәретханалар екі орынды болуы керек. Онда әйелдер мен ер адамдар кіреберісі болуы шарт.