DAR University бағдарламалаушылар мен дизайнерлерге білім грантын ұсынады
DAR University-де Tech Orda-ның білім гранттарына өтінімдерді қабылдау басталды. 51 адамды Java-бағдарламалаушы, Web-бағдарламалаушы, UI/UX дизайнері мамандықтарына Astana Hub резиденті DAR Tech компаниясының менторлары оқытады.
Алматы, NEGE. "Әрі практик маман, әрі тәлімгерлеріміздің 10 жылдық тәжірибесі негізінде құрылған оқу бағдарламасы онлайн және офлайн форматта өтеді. Әрбір студенттің ертең кәсіби портфолиосында көрсетуге тұрарлық кейстер тәлімгерлермен бірлесе отырып жүргізіледі. Оқыту әдістемеміз, грант бағдарламасы жайлы толығырақ ақпарат алып, тәлімгерлерімізбен жеке танысуға ниетті болашақ студенттерімізді 25 тамыз күні DAR University-де өтетін "Ашық есік күніне" шақырамыз", - дейді DAR University-дің операциондық директоры Гүлиза Бөлекбаева.
DAR University – бұл жаңа буын университеті. Мұнда 6 ай ішінде еңбек нарығында сұранысқа ие IT мамандықтарды меңгеруге болады. TechOrda гранттарының көмегімен келесі 3 мамандықтың бірін оқып алуға болады:
– Web-бағдарламалаушы толық циклде функционалды веб-қосымшаларды әзірлейді, HTML, CSS, TypeScript тілдерінде код жазады және көп бетті сайттарды жинайды, веб-қосымшаларға жаңа функционалдылық қосады.
– Java-бағдарламалаушы түрлі танымал бағдарламалау тілдерінде бағдарламаларды, қолданбаларды, веб-сайттарды, ойындарды, қызметтерді жасайды, жазылған кодты тексереді және оны қайта өңдейді.
– UI/UX-дизайнері пайдаланушыға ыңғайлы, интуитивті интерфейстерді, прототиптерді жасайды, веб-сайттардың, мобильді қосымшалардың және қызметтердің көрнекі бөлігін жобалайды.
DAR University-де оқуға грант алу үшін келесі талаптарға сай болу керек:
– 18 бен 45 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының резиденті болу;
– мамандықты таңдау және ағылшын тілінен тестілеуден, логика және тәлімгермен интервьюден өту.
"Ашық есік күні" Көктем-2, 22 үй мекен-жайы бойынша 25 тамыз күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт аралығында өтеді.