5 августа 2022 г. 11:52

DAR білім беру контентін жасаушыларды байқауға қатысуға шақырады

Фото:

Байқау онлайн білім беретін кәсіпкерлерге немесе білімін біртұтас онлайн курсқа жинақтауды көздеп жүрген ұстаздарға/мұғалімдерге арналған.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар байқау оқу бағдарламасы бар, бірақ курсты орналастыратын онлайн платформасы қарастырылмаған мектеп мұғалімдері мен жеке мұғалімдердің білім беру бастамаларын қолдауға бағытталған.

Байқау жеңімпаздары жобасын жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге көлемінде қаржы, 5Q.kz платформасында курсты орналастыру құқығы мен маркетингтік қолдауға ие болады. Авторлар платформадағы контентті монетизациялап, сатылымнан 80%-ға дейін табыс таба алады. Платформа және онда контентті монетизациялау мүмкіндігі аталмыш пайыздық көрсеткішпен алғаш рет Қазақстанда жүзеге асырылуда.

«Біз Қазақстан бойынша талантты контент креаторларды тапқымыз келеді. Олардың тек кәсіби әлеуетін жүзеге асыруды ғана емес, сонымен қатар контентін монетизациялауға шығаруды көздейміз. Байқауға онлайн білім беруде өз күшін сынап көргісі келетін бірегей әдістемесі бар ұстаздар, репетиторлар, мұғалімдер, білімі мен білігі бар цифрлық кәсіпқойлар қатысуы мүмкін. Қазірдің өзінде олар онлайн университетке қосыла алады, ал әзірленген курстар алдағы оқу жылының білім беру бағдарламасына енгізіледі», - дейді DAR компаниялар тобының басқарушы серіктесі Болат Садықұлов.

Контент жасаушылар байқауға 3 бағыт бойынша қатыса алады:

1. STEAM пәндерін (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) бірегей тәсілдер арқылы цифрлық форматқа бейімдеу.

2. Қабылдау сынақтарына (TOEFL, IELTS) және жалпы білім беретін бағдарламаларға (математика, химия, биология және т.б.) дайындық курстары. Курстың нақты құрылымы болуы тиіс. Сонымен қатар, материал түсінікті және оңай қабылдануы керек. Бірегей авторлық әдістемеге басымдық беріледі.

3. Цифрлық мамандықтар бойынша курстар (IT мамандықтары және интернет-маркетинг).

Байқауға қатысу үшін өтінімді 22 тамызға дейін жіберу керек. Қатысу шарттары туралы толық ақпарат 5q.kz сайтында орналасқан.

Тегтер: