Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

Еркін күрестен Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады.

Алматы, NEGE. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 1/8 финалда жапониялық Отогуро Кейсукемен кездесті. Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды. Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов мысырлық Амр Реда Хуссенмен кездеседі.