Данияр Елеусіновтің чемпиондық жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 8 КО) пен украиндық Иван Голубтың (20-1, 15 КО) кездесуі белгісіз мерзімге ауыстырылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Елеусінов — Голуб жекпе-жегі 25 маусымда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған еді. Қазақстандыққа тиесілі IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы сарапқа салынған. Ұйымдастырушылар айқастың қашан өтетінін әзірге айтпады. Данияр Елеусінов IBO белбеуін желтоқсанда аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Леалді (15-3, 4 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп алған еді. Содан бері Елеусінов рингке шықпады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды