Данияр Елеусінов рингке қашан шығады? 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегінің датасы анықталды.

Алматы, NEGE. «27 қараша, Флорида, Голливуд. «Хард Рок» казиносында бокс кеші өтеді. Құдай қаласа сол кеште мен де өнер көрсететін боламын», – деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында. Қазақстандық спортшының кезекті айқасы туралы оның менеджері Зия Әлиев те Instagram-да анонс жасады. Мәлім болғандай, Данияр Елеусіновтің қарсыласы – WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО).

Бокс кеші Голливудтағы (АҚШ, штат Флорида) Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында өтетіні бұған дейін хабарланған болатын. Айта кетейік, Елеусінов-Индиго жекпе-жегі сәуір айында ұйымдастырылуы тиіс еді. Алайда, пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізді. Ол америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қазір оқып жатыр

Британия парламенті жастарға темекі сатуға өмір бойы тыйым салатын заңды мақұлдады

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті