Данияр Шамшаев: Келесі айналымға өтетін мүмкіндігіміз болған

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасындағы командалық жарысты қорытындылады, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аралас командалық жарыста қазақстандықтар Бразилия құрамасына есе жіберді.

"Қарсыласымыз өте мықты спортшылардан құралған. Біз де барымызды салдық. Қыздарымыз жеңіліс тапқан соң, жалпы есепте қуып жете алмадық.

Біз үшін бұл үлкен тәжірибе. Бұдан соң тек мықты болып ораламыз", - деді Шамшаев.

Командалық жарыста Қазақстан атынан Абиба Әбужақынова, Есмигүл Куюлова, Камила Берліқаш, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан күресті.

Қазір оқып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды