Даниял Райымбеков U19 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық Даниял Райымбеков және валлилік Томас Дэниэл Питт өзара алтынды сарапқа салды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. АҚШ-тың Колорадо штаты, Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Даниял Райымбеков және валлилік Томас Дэниэл Питт өзара алтынды сарапқа салды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ақтық бәсеке 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өтті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Уэльс өкілі 5:0 есебімен алтынды қанжығасына байлады. Ал қазақстандық спортшы күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, 2 қараша күні Қазақстанның атынан Асылхан Көшербаев 65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсететін болады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін