28 февраля 2026 г. 17:15
Дания Еспаева: Мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті
«Ақжол» партиясының өкілі Дания Еспаева «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебатта сөз сөйледі.
Оның айтуынша, жаңа конституциялық нормаға сәйкес мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті. Яғни кәсіпорын, өнім немесе инвестиция заңмен толық қорғалады.
Сондай-ақ егер салық органы шотты негізсіз бұғаттаса, кәсіпкер сот арқылы шешімді жойдырып қана қоймай, шығынды мемлекеттен өтете алады.
Бұл өзгерістердің негізінде үш басты құндылық жатыр: Қорғаныс, сенім және әділдік.