Данилина есе жіберді

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалына дейін жетті.

Алматы, NEGE. А.Данилина мен сербиялық Александра Крунич аталмыш жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген еді.

Қазақстандық-сербиялық жұп соңғы бәсекеде доданың екінші ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес - аустралиялық Эллен Переспен шеберлік байқасты.

Америкалық-аустралиялық дуэт 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа ие болды.

Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде А.Данилина мен А.Крунич 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 4 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды