Даниал Ахметовтің күртесі қанша тұрады?
Әлеуметтік желіде ақпарат көздері әкім-қаралардың киімін «саудалай» бастады. Мәселен, «Ветер левого берега» Телеграм каналы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің киген күртесінің бағасын есептеп шығарыпты. Ахметовтің күртесі бірнеше мың еуро тұратын көрінеді.
Телеграм-канал былай деп жазыпты: «Қырғызстанда президенттің өзі ел алдына шыққанда тек осындай брендті, бірақ арзан күрте киеді. Бағасы – 4,6 мың еуро. Ал бізде мұны аймақтағы әкімдер дүкенге нан алуға барғанда киіп шығады.
Бүгін әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің осындай күрте киіп түскен фотосы шықты. Қазақстан саясатының ақсақалы не кием десе де қолынан келетінін біз білеміз. Бірақ ол өте қарапайым, әрі жақсы менеджер. Пандемия өршіп, аймақ «қызыл зонаға» кірген кезде вирус жұқтырып жазылған блогерлерді шақыруы тегін деймісіз?..».