Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауының үшінші турына өтті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова американдық America’s Got шоу жобасының үшінші турына өтті.

Алматы, NEGE. Әлемге танымал байқау қазір пандемияға байланысты онлайн форматта өтіп жатыр.

Кеше әлемнің барлық жерінен қатысатын конкурсанттар онлайн форматта бақ сынасты. Данэлияның өнері қазылар алқасы арасында ешбір талқылаусыз бірауыздан қабылданды. Енді қазақстандық әнші үшінші турға дайындалып жатыр.

Әзірге бұл тур қашан әрі қалай өтетіні белгісіз. Сонымен қатар, ол қандай әнді орындайтыны белгісіз.

Айта кету керек, Данэлия America’s Got Talent шоу жобасында қазылар алқасын таң қалдырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді