«Damumed» деректер қоры Денсаулық сақтау министрлігіне берілді

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия тапсырмасымен «Е-Денсаулық» жүйесі базасында бірыңғай республикалық медициналық деректер қорын құру және медициналық ұйымдар арасында ақпарат алмасу үшін «Даму» АТО» ЖШС-іне тиесілі «Damumed» деректер қоры Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Алматы, NEGE. Бұл үшінші тараптағы қызмет ұсынушылардың медициналық ұйымдарға бәсекелестік негізде тиісті қызметтер көрсетуіне мүмкіндік береді.