Дамир Ысмағұлов жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Дамир Ысмағұлов (19-1) UFC-дегі өзінің төртінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 188 туринрінде өнер көрсетті. Онда бразилиялық Рафаэль Алвеспен (19-9) жұдырықтасты.

Жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа есептелген. Бұл жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Ысмағловтың жеңісімен аяқталды.

Алайда, қазақ спортшысы бірінші раундта нокдаунға түсіп қалды.

Осылайша, Дамир Ысмағлов өзінің кәсіби мансабындағы мерейтойлық жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізді, ал Рафаэль Алвес оныншы рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Ысмағлов үшін бұл – UFC-дегі төртінші жекпе-жегіндегі төртінші жеңіс. Қазақстандық өзінің ең ірі промоутерлік дебютін 2018 жылдың желтоқсанында жасады.

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?