Дәмханада төбелескендер қамауға алынды

Атырауда тез тағам дайындайтын дәмханада екі жігіт арасында жанжал туындаған. Кейін олар көшеге шығып, төбелескен, деп хабарлады Kazinform.

Алматы, NEGE. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жанжал 30 желтоқсанда сағат 00:50 шамасында болған.

«Тез тағам дайындайтын дәмхананың бірінде 1996 және 1999 жылғы екі жігіт жанжалдасқан. Өзара сөзге келіспеген олар көшеге шығып, жол бойында төбелескен. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, құқық бұзушыларды ұстады», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жанжалдасқандар жарақат алмаған. Бірақ, олар қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабымен әкімшілік қамауға алынды. Жинақталған іс құжаттар сотқа жолданады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді