«Дамдес Отау» тұрғын үй кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Шымкент сити шағынауданында 'Дамдес отау' тұрғын үй кешені бой көтеруде.

Шымкент, NEGE. Мұнда он қабатты №1,6,7,8,9,10 тұрғын үй салынуда. Үйлерге тапсырыс беруші - “Shymkent” ӘКК”.

1,2,3 бөлмелі 420 пәтер бар. Ауданы 49-84 шаршы метр аралығында.

Жалпы 29 622 шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Құрылыс жұмыстарының барысын көрген әкімдіктің арнайы топ өкілдері құрылыс қарқынын түсіріп алмай, жоспарға сәйкес сапалы үйлер салу қажеттігін айтты.