Даладан сөреге дейін: Павлодар облысында «Фермерлік базар» ашылады
Павлодар облысында «Фермерлік базар» жобасы іске қосылады. Оның мәні – ауылшаруашылық өнімдерін сөрелерге жеткізу тізбегінен алыпсатарлар мен басқаларды алып тастау. Жұмыс принципі қарапайым: өндіруші – фермер, нарығы – сатып алушы. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы осылайша сатып алушыларға сапалы және арзан азық-түлік ұсынуға және жергілікті аграршыларға өткізу нарығын қамтамасыз етуге ниетті.
Павлодар облысы, NEGE. ӘКК-де 1,3 гектар жер учаскесі ресімделді, онда кемінде 60 жабық және 60 ашық сауда орны, өңірлік тұрақтандыру қорынан өнімді сақтауға арналған қойма және 100 автокөлікке арналған тұрақ орналасатын болады.
– Бұл жоба бизнес-жоба ретінде ұсынылмайды – бірінш кезекте ол тұрғындарды жергілікті өндірушілерден шыққан азық-түлікпен тұрақты және жыл бойы қамтамасыз етуге бағытталған. Фермерлер нарығы бізге алаңнан сөреге дейін тікелей сауда тізбегін құруға мүмкіндік береді. Сауда орнын жалға алу құны тек нарықты ұстауға жұмсалатын шығындар негізінде қалыптасады, – деп хабарлады «Павлодар» ӘКК басшысы Мейрам Өтешов.
Павлодар облысында тұрақтандыру қорынан өнімді әлеуметтік қана емес, әдеттегі дүкендерге де жеткізу туралы шешім қабылданды. Бүгінде 105 сауда нүктесімен ынтымақтастық орнату жоспарланып отыр.
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға арналған тағы екі жоба ұсынылды. Біріншісі – тазартылған күнбағыс майын өндіру, облыс өзін бұл маймен толық қамтамасыз етпейді.
– Облыста суық сығымдалған күнбағыс майын шығаратын зауыт бар, жобаны соның негізінде іске асыру жоспары бар. Жеке серіктес болып «Павлодар агрокешені» ЖШС анықталды. Жақын арада біз онымен қарыз беру туралы шарт жасасуға ниеттіміз, – деп түсіндірді Мейрам Өтешов.
Сонымен қатар Павлодар облысында макарон шығару көлемін арттыру да көзделіп отыр. Қатты бидай өнімдерін өндіруге баса назар аударылатын болады. «Жан-Дос KZ» ЖШС қолданыстағы астық өңдеу кешенінің негізінде желіні іске қосуға дайын. Бүгінде кәсіпкерлер жабдықтарды жеткізу мәселесімен айналысып жатыр. Олар макарон өнімдерін өндіруге 2021 жылдың екінші жартысында кірісуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін Павлодар облысы әкімдігі картоп құнын ұстап тұру үшін өңірдің ірі өндірушілерімен тұрақты бағамен 30 мың тонна өнім бөлу туралы уағдаласқан болатын. Осының арқасында бүгінде облыстың 50-ден астам әлеуметтік дүкенінде картоптың килограмы 90 теңгеден сатылып жатыр. Сонымен қатар ірі сауда желілеріне айналым қаражатын толтыру үшін берілген қарыздар арқылы бірқатар азық-түлік өнімдерінің арзан бағасы сақталып отыр.