Дағыстандағы терактіден 15 полицей қаза тапты

Дағыстанның Дербент пен Махачкала қалаларында белгісіз біреулер автомат қаруымен шіркеу мен синагоганы, сондай-ақ жол полициясы бекетін атқылаған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шабуылдан соң синагога өртке оранды. Террорлық акт салдарынан 15 полиция қызметкері қаза тапты. Ондаған адам жарақат алды.

Интерфакстың хабарлауынша, осы уақытқа дейін 6 лаңкестің көзі жойылған. Республикада жедел штаб құрылды.

Ресейдің ұлттық Терроризмге қарсы комитеті Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілгенін хабарлады: республикаға кіру және шығуға рұқсат жоқ.

Қазір оқып жатыр

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?