Дағдарысқа қарсы бөлінген қаржыны жеп қойған

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуын аудиторлық тексеруден кейін бес қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтан. NEGE. Министрлік мәліметі бойынша, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген 700 миллиард теңгеге жуық соманы пайдалануға қатысты тексеріс жүргізген.

"Аудиторлық шаралар қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 10,5 миллиард теңгеден аса сомаға 28 материал берілді, оның ішінде бес материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, қалған материалдар қарау және тергеу сатысында", - делінген хабарламада.

Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов 60 миллиард теңгеден аса соманы пайдалану бойынша заң бұзу дерегі анықталғаны туралы айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды