COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артты

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 1015 қайтыс болды. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Осыған дейін барлығы 225 325 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Бұған дейін, Ресейде тәулігіне COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 1002-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз. 

«Өткен тәулікте 1015 өлім расталды... Ресейде пандемия басталғалы бері 225 325 адам қайтыс болды», – деді штаб журналистерге.

Атап айтқанда, Мәскеуде коронавирустан 73 адам, Санкт-Петербургте 68, Краснодар өлкесіндегі 40 өлім расталды.