COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Өткен тәулікте (25 сәуірдегі деректер бойынша) Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 830 жаңа жағдай тіркелді.

Алматы, NEGE. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 7 жағдайға аз.

Елімізде коронавирус жұқтырған 306 400 жағдай расталды, оның ішінде:

  • Алматы қаласында - 50369 ( 682),
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 42770 ( 498),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 24421 ( 99),
  • Қарағанды облысында - 22096 ( 235),
  • Атырау облысында - 21423 ( 116),
  • Павлодар облысында - 20150 ( 57),
  • Алматы облысында - 20007 ( 246),
  • Батыс Қазақстан облысында – 18447 ( 171),
  • Ақмола облысында – 17571 ( 148),
  • Қостанай облысында - 14580 ( 28),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 13823 ( 43),
  • Шымкент қаласында - 8891 ( 114),
  • Ақтөбе облысында - 8583 ( 165),
  • Жамбыл облысында - 7481 ( 71),
  • Маңғыстау облысында - 5423 ( 55),
  • Түркістан облысында - 5206 ( 45),
  • Қызылорда облысында - 5159 ( 57).