COVID-19 және пневмония жұқтырған 1111 медицина қызметкері төлем алды

COVID-19-бен күресуге тартылған 1111 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды. «1 қыркүйектегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1111 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды», – делінген ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (176) және Алматы қалаларынан (128), Алматы (96), Ақмола (88) және Атырау облыстарынан (79) жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

«Жемқорлыққа жол ашады»: Ит-мысықтарды өлтіруді көздейтін заң несімен қауіпті?

Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды