Covid-19: Шаңғы жарысынан әлем кубогі өтпейтін болды

Шаңғы жарысы мен шаңғы қоссайысынан Словенияның Планица қаласында өтуі тиіс әлем кубогі кезеңі коронавирусқа байланысты өткен жоқ. Бұл туралы Халықаралық шаңғы спорты түрлерінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.

Аталған кубоктік кезең Бейжің Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жарыс болатын. 

21-23 қаңтарға жоспарланған жарыстар коронавирусқа байланысты Словенияда өткізілмейді. Қазіргі таңда халықаралық ұйым жарыс өткізтін жаңа орынды іздестіруде. 

Айта кетелік, бұған дейін Фрацнияның Ле Рус қаласындағы әлем кубогі кезеңі кейінге қалған болатын. 

Осы орайда, келесі кубоктік кезең 26-2 ақпанда Финляндиның Лахти қаласында өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр