COVID-19: Ресейде жаңа антирекорд тіркелді

Ресейде вирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп кетті.

Алматы, NEGE. Ресейде коронавирусты жұқтыру дерегі бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Мұнда тәуліктік өсім алғаш рет 180 мыңнан асып кетті. Науқастардың көбі Мәскеу, Санкт-Петербург және Мәскеу облысында анықталған. Дәрігерлер тәуліктік өсімнің осылай күрт артып кетуін тез жұғатын омикронмен байланыстырады. Қазір 5 науқастың төртеуінен осы штамм анықталып жатыр.

Мамандар Ресей халқының шамамен 20 процентінде коронавирус еш белгісіз өтіп жатқанын хабарлайды. Кешеден бері елде вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар үшін карантин алынып тасталды. Сонымен қоса науқастарды ауруханадан шығару ережелері де өзгерді. Енді коронавируспен ауырған адам 7 күннен артық ем қабылдаса, одан қайта ПТР-тест тапсыру талап етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр