Covid-19: Ресейде рекордтық көрсеткіш тіркелді

Ресейде коронавирус жұқтыру деректері бойынша жаңа рекорд тіркелді.

Алматы, NEGE.  Бір тәулікте қауіпті инфекция 60 мыңнан астам адамнан анықталған. Жедел штаб таратқан мәліметке сәйкес, 700-дей тұрғын қайтыс болған.

Айта кетейік, бүгінде бұл елдегі вирус жұқтыру деректерінің жартысынан астамы дельта штамымен байланысты болып отыр. Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларындағы эпидахуал әзірге күрделі.