COVID-19: Ресейде антирекорд тіркелді

Ресейде COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәулік ішінде антирекорд тіркелді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Шұғыл штабтың мәліметінше, Ресейде кейінгі тәулікте 17 347 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Өсім 1,1 пайыз деңгейінде тұр.

Бұған дейін өсім 23 қазанда – 17 340 болып тіркелген.

Науқастардың көбі Мәскеуде (5224, күн бұрын 4455), Санкт-Петербургте (715) және Подмосковьеде (499) анықталса, ең азы - Шешенстанда (тоғыз), Ненецк автоном округінде (төрт) және Чукоткада (бір) тіркелді. Вирус жұқтырғандардың ішінде төрттен бір бөлігінен аса адамда аурудың симптомдары болмаған. 

Кейінгі тәулікте 219 адам қайтыс болып, 7 574 науқас жазылды. 

Пандемия басынан бері елді коронавирус жұқтырғандар саны 1 531 224-ке жетті. 26 269 адам қайтыс болды, 1 146 096 науқас аурудан айықты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған