COVID-19: Қарағандыда вакцина салуға дайындық пысықталды

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны салу бойынша кейбір өзекті мәселелерді қарағандылық дәрігерлер ресейлік сарапшылармен пысықтап өтті.

Алматы, NEGE. Шараны бастау үшін облыс бойынша 115 екпе егу кабинеттері ашылмақ. Дәрінің алғашқы партиясы ақпан айына дейін жеткізіледі. Ал 15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған ресейлік вакцина пайдаланылады. Сапасы бақылаудан өткен вакцинаны қазірдің өзінде әлем бойынша кемі 2 млн-нан астам адам салып үлгерген. Қайғылы жағдай тіркелмеген дейді мамандар.

Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенова: "Қазір бізге 1 500 доза келеді. Сосын ақпанда 6000, наурызда 9500, кейін сәуірден бастап 45 мың доза келеді. Жылдың аяғына дейін егу компаниясы ақпаннан желтоқсанға дейін жүреді", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты