COVID-19: Иранда бір тәулікте екі бірдей антирекорд тіркелді

Әлем елдерінде коронавирус қайта қарқын алып барады. Оны өткен аптаның статистикасы айғақтап отыр.

Алматы, NEGE. Жеті күн ішінде әлемде індет жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді. Өткен аптада әлемде 2 миллион 800 мың адам коронавирус жұқтырыпты. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Жеті күн ішінде 40 мыңдай адам індеттен көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, вирус әсіресе Еуропада өршіп тұр. Өткен аптада расталған оқиғалардың шамамен жартысы Кәрі құрлықта тіркеліпті. Антирейтингтің бестігіне Франция, Ұлыбритания, Ресей, Италия мен Бельгия кіріп отыр.

ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан: "Әлемде вирус жұқтыру деректерінің 46 проценті Еуропаға тиесілі. Сондықтан құрлық қазір індеттің ошағына айналғанына еш күмән жоқ" деді.

Жалпы Еуроодақ бойынша індет жұқтыру деңгейі бойынша Бельгия бірінші орынға шықты. Елде 100 мың тұрғынға шаққандағы деректер саны 1400-ге жуықтайды. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде Бельгияда күніне 2 жарым мыңдай оқиға тіркелсе, қазір тәуліктік көрсеткіштер 13 мың шамасында. Бұл 11 миллионнан аса халқы бар корольдік үшін үлкен көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті. Елде коменданттық сағат пен маска кию тәртібі енгізілген. Мейрамханалар, кафе, барлар, мәдени, ойын-сауық және спорттық нысандар жабық тұр.

Бельгия коронавируспен күрес штабының ресми өкілі Ив Ван Лаэтхем: "Ең бастысы – жүріс-тұрысты мүмкіндігінше шектеу керек. Қазір ережелерді айналып өтудің жолдарын іздейтін уақыт емес. Сіздерге төрт қабырғаға қамалып отырыңыздар демейміз. Оның еш қажеті жоқ. Бірақ ережелер қабылданса, соларға бағыну керек. Біз үшін алдағы 15 күн маңызды. Екі апта ішінде қалай әрекет етсек, жағдай солай өзгереді" деді. 

 Таяу Шығыста Ирандағы ахуал күрделі. Парсы елінде бір күнде екі бірдей антирекорд тіркелді. Бірі індетті жұқтыру деректері бойынша, екіншісі – кісі өлімінің көрсеткіштеріне қатысты.  

Қазір оқып жатыр

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Жанабыловтар прокурормен келісімге келуге өтініш білдірді

Қазақстандық компания Еуроодақ санкциясына ілікті