COVID-19: Хельсинки әуежайында жолаушылар итпен тексеріле бастады
Хельсинки әуежайында арнайы иттер тобы жұмыс істей бастады.
Алматы, NEGE. Олар жолаушылардың коронавирустық инфекцияны жұқтырған-жұқтырмағанын иіс арқылы анықтайды. Иттер коронавирусты арнайы майлықтардың көмегімен анықтауға дайындалған. Бұл әдіспен бірінші кезекте шетелден келетін жолаушылар тексеріледі. Жолаушылар дене терісін майлықпен сүртеді, әрі қарай майлықты итке апаратын арнайы ыдысқа салады. Барлық процедура бір минуттан артық уақыт алмайды.